
Цифрлық технологиялар мен өндірістегі инновациялық әдістерді оқу үрдісіне енгізудің тәжірибедегі мүмкіндіктерін ұсыну мақсатында «Цифрлық технологиялар мен өндірістегі инновациялық әдістерді оқу үрдісіне енгізу» тақырыбында республикалық вебинар өтті.
Вебинарда Қ.И.Сатпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық-зерттеу университетінің, Энергетика институты және машина жасау кафедрасының директоры Қ.Елемесов, Ақмола облысы Красный Яр ауылындағы Агротехникалық колледжінің оқытушысы А.Касымов, Талдықорған сервис және технология колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.Исламова және Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтарының 3 курс білім алушылары жоғарғы оқу орны мен кәсіптік білімнің ынтымақтастығын іске асыру, әлеуметтік серіктестікті цифрлық технологиялар арқылы дамыту және шағын кәсіпкерлікті жүргізудің тиімді жолдары ұсынылды.