Бірлескен семинар

Бірлескен семинар

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Жетісу Университетімен бірлесіп 2022 жылдың 6 сәуірінде «География пәнінен электронды білім беру ресурстарын пайдалану негізінде  білім алушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің жаратылыстану жоғары  мектебінің оқытушы - дәріскері г.ғ.к. Е.Тоқпанов педагогтерге білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларын құрастыру және орындау жолдарын ұсынып, тәжірибесімен бөлісті. Семинарға Текелі, Талдықорған қалалары мен Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Қаратал, Көксу аудандарының география пәні мұғалімдері қатысты.