«Педагогикалық тандем» жәрмеңкесі

«Педагогикалық тандем» жәрмеңкесі

Мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен  жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау, тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық тандем» жәрмеңкесі өтті.

Аталған шараға  жалпы орта білім беру ұйымдарынан 20 тәлімгер мен 20 жас маман қатысты. Қатысушылар жұппен (тәлімгер-тәлім алушы) өздерінің  таңдауы бойынша алдын ала дайындап келген ықшам сабақ, шағын тренинг, шебер-класс, жоба жұмыстарын ортаға салды. Жәрмеңке соңында жұптар бірін-бірі бағалап, жеңімпаздарды анықтады.  Нәтижесінде жеңімпаздар арнайы номинациялармен марапатталды.