
Петропавл қаласында алғаш рет өткен тарих пәні мұғалімдерінің съезі өңірімізде «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, заманауи көзқарас» тақырыбында диалогтік алаңы ретінде жалғасын тапты.
Мақсаты: тарих пәнін оқытуда өзекті мәселелерді талқылау.
Алаң жұмысына Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті, Тарих және құқық институты, Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі К.Молданқызы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты», «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, PhD Х.Масимова және жалпы білім беру мекемелерінің тарих пәні мұғалімдері мен әдіскерлері қатысты.
Шара барысында тарихи сананы қалыптастыру, құндылықтарға негізделген білім беру жолдары, тарихты оқытудағы өзекті мәселелер, білім алушылардың тарих пәні бойынша ғылыми-жобалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, қорытынды аттестаттау мәселелері туралы ой қозғалып, өз тәжірибелерін ортаға салды.