Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген ҚР-ң азаматтарына психологиялық даярлау курсы

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген ҚР-ң азаматтарына  психологиялық  даярлау курсы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 27.04.2020 жылғы  №165 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесін бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары психологиялық даярлаудан өтуі тиіс.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарға  психологиялық даярлаудан өту курсы 3 ай,  аптасына 1 рет «Skype» қосымшасы арқылы онлайн режімінде «Айналайын», облыстық №1 балалар үйлерінде және Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы   мектеп-интернатында өтеді. Балалар үйлерінің байланыс телефондары:

- Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйі: 8(7282) 32-82-51, 30-23-22;

- Алматы қаласында орналасқан облыстық №1 балалар үйі: 8(7272) 69-62-40;

- Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты: 8(72831) 9-12-69.