Білім берудегі психология: заманауи мектепті психологиялық тұрғыда қамсыздандыру

Білім берудегі  психология:  заманауи мектепті  психологиялық  тұрғыда қамсыздандыру

Психологиялық-педагогикалық қолдау үдерісін оқу-әдістемелік тұрғыда қамсыздандыру мақсатында орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған облыстық вебинар өтті.

Аталған шарада  облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Д.Кыдыкенова, «Отбасындағы атмосфера, тәрбиелеу жолдары және баланың мінез-құлқына әсері», Қазақ психологиялық қоғамының психология ғылымдарының докторы, МА психология ғылымдарының академигі, РЖА профессоры, доцент А. Давлетова «Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық пен қорқыту мәселелерін шешу жолдары» тақырыптарында таныстырылым жасады. Текелі қаласы №5 орта мектебінің педагог-психологтері А.Бүкітбайқызы, А.Ілікбай «Ұжымдағы психологиялық ахуал-нәтижелі жұмыстың кепілі», Ескелді ауданы Шестаков атындағы орта мектебінің педагог-психологі Э.Кудьярова «Резилиенс», Талғар ауданы №12  орта мектебінің педагог-психологі М.Естемесова «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»  тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.