Рухани-адамгершілік тәрбие арқылы тәрбиеленушілердің ұлттық келбетін қалыптастыру жолдары

Рухани-адамгершілік тәрбие арқылы тәрбиеленушілердің ұлттық келбетін қалыптастыру жолдары

Арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің бойында ұлттық құндылықтарды дарытуда өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Рухани-адамгершілік тәрбие арқылы тәрбиеленушілердің ұлттық келбетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті. 

Шара барысында Талдықорған қаласындағы облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты тәрбиешісі  Қ.Бекишева «Арнайы мектеп тәрбиеленушілері бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары»,  Есік қаласының облыстық зерде бұзылыстары  бар  балаларға  арналған арнайы мектеп-интернаты тәрбиешісі С.Калниязова «Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы», Талдықорған қаласындағы  облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиешісі М.Қонаева «Зерде бұзылыстары бар балаларға рухани- адамгершілік тәрбие берудің маңыздылығы», Қаскелен қаласынын облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп интернаты тәрбиешісі  С.Кияхметова «Рухани-адамгершілік тәрбие аркылы тәрбиеленушілердің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.