Облыстық педагогикалық оқулары

Облыстық педагогикалық оқулары

Әдістемелік қызметті ұйымдастырудағы озық тәжірибелерді насихаттау, әдістемелік бірлестіктер, ассоцация жұмысын үйлестіруде тиімді жұмыс істеу алгоритмін ұсыну, талқылау мақсатында 2022 жылдың 30 наурызында  Көксу ауданы Б.Құндақбаева атындағы орта мектебі базасында «Заманауи білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызмет» тақырыбында облыстық педагогикалық оқулары  өтті. 

Педагогикалық оқуларға мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, орта, техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметке жауапты орынбасарлары мен оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлері қатысты. 

Педагогикалық оқулар 4 бағыт бойынша өтті.

  • Мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік қызметті үйлестірудің заманауи әдіс-тәсілдері.
  • Орта білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызмет: тәжірибе және мәселелер.
  • Білім беру ұйымдарында әдістемелік қызметті үйлестірудің ерекшеліктері.
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметін дамыту: болмысы және жаңа мүмкіндіктері.

Қатысушылар ұсынған жұмыстарды сараптау комиссиясы тыңдап,  жеңімпаздарын марапаттады.