
2022 жылдың 29 наурызында мектептегі математикалық білім берудің өзекті мәселелері мен оқыту мазмұнын талқылау мақсатында «Математиканы оқыту: жағдайы мен мәселелері» тақырыбында ұйымдастырылған жалпы орта білім беру мекемелерінің математика пәні мұғалімдерінің облыстық конференциясы өтті.
Пленарлық мәжіліске Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гүлсара Тастандықызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушысы Таджибаева Гаухар Тойлыбаевна, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушы-дәріскер, п.ғ.м. Забиева Камшат Қазыбековна, «Talapker» білім беру орталығының директоры Аубек Рыспек, «Тетра KZ» орталығының директоры Омарова Мария Алмашевна, «Үздік педагог-2016» конкурсының грант иегері Ш.Смағұлов ат. АОФМШИ математика пәні мұғалімі Айжан Елеуовна Абуова және математика пәні педагогтері қатысты.
Түске дейін секция жұмыстарында математикалық сауаттылық есептерін шешуде білім алушыларда кездесетін қиындықтар, мәтіндік есептерді құру тәсілдері мен оларды шығару, білім алушыларды олимпиадаға, ҰБТ-ға дайындау, стандартты емес және қиындығы жоғары есептерді шығаруға қатысты мәселелерді қарастырып, тәжірибелерімен бөлісті.