
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Панфилов ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп базасында «Инновациялық педагогикалық тәжірибенің практикалық маңыздылығы» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды.
Семинарға Қапшағай қаласы, Еңбекшіқазақ, Ақсу, Кеген, Панфилов, Кербұлақ аудандарының оқу-әдістемелік орталықтың әдіскерлері, жаратылыстану-математикалық бағындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын пән мұғалімдері және шетел тілі пәні мұғалімдері қатысты.
Семинарда Панфилов, Ақсу аудандары мен Қапшағай қаласының ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын пән мұғалімдері инновациялық педагогикалық тәжірибелерін ұсынды.