
Көктемгі каникул мектеп аясында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мен Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі облыс педагогтерінің кәсіби қажеттіліктерін ескере отырып «Тарихи концептілер негізінде ойлау дағдыларын дамытудың тиімді тәсілдері» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді. Шара барысында НЗМ мұғалімдері тарихи білімнің, ойлау мен сананың маңыздылығын анықтау және қалыптастыру ерекшеліктері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.