
«Жас маман» жобасын іске асыру және әлеуметтік әріптестіктің мүмкіндіктерін ұсыну, тәжірибе алмасу мақсатында «Жас маман жобасы: тәжірибе және мүмкіндік» тақырыбында облыстық әдістемелік күн өтті.
Аталған шарада Шамалған ауылындағы Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің инженер-педагогтері «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнымен бірлесе әзірленген оқу-жұмыс бағдарламасының мүмкіндіктерін, дуальды оқыту жүйесін, кредиттік-модульдік технологияларын тиімді ұйымдастыру және заманауи құрылғыда қызмет көрсетудің мүмкіндіктерін тәжірибеде көрсетті.
Колледж базасында ынтымақтастықты жетілдіру бағытында Қ.Сатпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық-зерттеу университетінің кафедрасы ашылды. Әдістемелік күнге 65 педагог қатысты.