Шетел тілі сабағында сараланған тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері

Шетел тілі сабағында сараланған  тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 18 наурызында педагог-шеберлер тәжірибесінен шетел тілі сабағында сараланған тапсырмаларды құрастыру, сабақта қолдану ерекшеліктері бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында вебинар өткізді. Вебинарда Алакөл ауданы бойынша білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскері Ж.Мырзаханова, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ОМ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Зиадинова, Қарасай ауданы  Ұлан ОМ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Р.Аблаева, Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Супиева, Талғар ауданы №15 ОМ Б.Гусманова, Сарқан ауданы Н.Островский атындағы ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Ш.Қалиева саралау тапсырмаларын құрастыру, сабақта қолдану ерекшеліктерін ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті.