
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы информатика пәні мұғалімдеріне ICILS-халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындау бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында «ICILS-халықаралық зерттеуге тапсырмаларын әзірлеу жолдары» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне тәжірибе алмасу вебинары өтті. Вебинар барысында орталық әдіскері Адильбаева Ардак Муратовна ICILS-халықаралық зерттеу бойынша тест тапсырмаларының үлгілерін жасап көрсетті. Қарасай, Енбекшіқазақ, Талғар ауданының педагогтері тест тапсырмаларын әзірлеуде тиімді платформаларды және тест тапсырмаларын таныстырды. Барлығы 40 педагог қатысты.