
18.03.2022 жылы «Наурыз» мерекесін атап өту бойынша облыстық іс-шаралар жоспарына сай "Қайырымды ұлт" республикалық қайырымдылық акциясы аясында балаларға ұлттық нақыштағы "Наурыз кәде" сыйлықтарын табыстау үшін облыс әкімінің орынбасары Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы мен облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сүлейменова Жаңыл Магдановна арнайы келіп, балаларға домбыралар, қамшылар, тоғызқұмалақтар, қуыршақтар, әшекей бұйымдар табыстады.
Өнерпаз балалар сыйлы қонақтарға ән мен биден шашу шашып, үйімізде өткен бата беру сайысының жеңімпазы - Веснин Эдуард бата берді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде үлгі болған құрметті қонақтарға ұжым атынан алғыс білдіріп, дендеріне саулық, қызметтерінде асқақ абырой тіледі.