Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелер

Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелер

2022 жылдың 17 наурызында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда өзекті мәселелерді талқылау мақсатында «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелер» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары педагогтерінің облыстық конференциясы өтті.

Конференцияға Алматы облысы білім басқармасы басшысының м.а. Ж.Сүлейменова, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының директоры М.Адамова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика және психология институты мектепке дейінгі әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасының жетекшісі У.Қыяқбаева, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, педагогика ғылымдарының кандидаты оқыту және тәрбиелеу әдістемесі білім беру бағдарламасының оқыту-дәріскері Н.Ханина, «BilimInvest»  білім беру саласындағы инвесторлардың Ұлттық Қауымдастығының вице-президенті К.Батырбекова және мемлекеттік, жекеменшік балабақша, мектеп жанындағы шағын орталық педагогтері қатысты.

Аталған шарада «Инновациялық қозғалыс» жобасы аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, табысты балабақшалар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Секция алаңдарында педагогтер мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы менеджмент, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделін жүзеге асыру, жаңартылған білім беру мазмұнын тәжірибеге енгізу бойынша ой бөлісіп, пікір алмасты.