«Қайырымды ұлт» республикалық қайырымдылық акциясы

«Қайырымды ұлт» республикалық қайырымдылық акциясы

14.03.2022 ж. «Наурыз» мерекесін атап өту бойынша облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Қайырымды ұлт» республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Айналайын» балалар үйі, Алматы облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері, қарттар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға концерт ұйымдастырылды.

Шара аясында қонақтарға қайырымдылық дастархан жайылып, қазақ халқының қыз ұзату, тұсау кесер салт дәстүрлері көрсетілді.