Требования к эссе: теория и практика

Требования к эссе: теория и практика

«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасын іске асыру мақсатында Талдықорған қаласы «Білім-инновация»  мамандандырылған лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Н.Алдибекова мен Р.Н.Ибраимова «Эссеге қойылатын талаптар: теория және практика» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

 Семинардың мақсаты –  білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған  практикалық  жұмыс түрлерімен таныстыру, тәжірибе бөлісу.  

Семинар барысында эссе жазуда оқушылардың ойлануына түрткі болатын «Қармақ», «Анықтама», «Әзілмен бастау», «Дилемма» (таңдау), «Салыстыру» әдістерін, тезисті дұрыс жазуға дағдыландыратын «Бір тезис, үш дәлел» үлгісінде жаттығулар, эссе құрылымын игерту мен тақырыпты ашуға жетелейтін «ТАФТТ», «Пирамида»,   «Mind Map»  (ақыл-ой картасы) тәсілдері ұсынылды.