
Оқушылардың компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында информатика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуде «ICILS-халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындау ерекшеліктері» атты оқыту вебинары өтті.
Вебинар барысында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскері А.Адильбаева ICILS-халықаралық зерттеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тест тапсырмаларының үлгілерін көрсетті. Ескелді ауданы, Қаратал орта мектебінің информатика пәні мұғалімі К.Михов тапсырмаларды дайындауда тиімді платформаларды ұсынды.