
2022 жылдың 3 наурызда білім басқармасы облыстық №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен бірлесіп «Ата-аналардың балалармен қарым-қатынас тәртібін анықтау кестесі», «Балалар жылын өткізу» тақырыптарында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға Алакөл, Ақсу, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Көксу, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларының білім бөлімдерінің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының мамандары қатысты.
Іс-шара барысында ата-ана құқықтарынан айыру, балаларды асырап алу, ата-аналардың балалармен қарым-қатынас кестесін жасау кезінде балалардың денсаулығын, жынысын, жасын есепке алу қажеттілігі туралы мәселелер түсіндірілді.
Сонымен қатар, Балалар жылын өткізудің жоспары мен оның іске асырылуы талқыланды.