«Математика пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдары» атты тәжірибе алмасу вебинары

«Математика пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдары» атты тәжірибе алмасу вебинары

Олимпиадалық тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын көрсету мақсатында «Математика пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдары» атты тәжірибе алмасу вебинары өтті.

Вебинарда дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының математика пәні мұғалімі Г.Оразәлі, Балқаш ауданы, Б.Бейсекпаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі А.Тоғанбай, Ақсу ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі А.Қаймуханов, Қарғалы №2 дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын гимназиясының математика пәні мұғалімі Б.Халимбетов олимпиадалық есептерді шығарудың тиімді жолдарын ұсынып, практикалық жұмыстар жүргізді.