
Талдықорған сервис және технологиялар колледжі «Құзыреттілік орталығы» базасында «Тамақтандыруды ұйымдастыру 10130300 мамандығы бойынша оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізу» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Мақсаты: кредиттік-модульдік жүйені енгізуде тәжірибе алмасу.
Семинар қатысушыларына қазақстандық және финдік моделін қолдана отырып оқудың жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша өз тәжірибелерін ұсынды. Сонымен қатар семинарда француз асханасының тағамдарын дайындау бойынша педагогтер шебер-класс өткізді.