
«Жалын», «Жігер», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Серпін» ассоциация мүшелерінің озық педагогикалық тәжірибесін тарату мақсатында «Инновациялық-педагогикалық тәжірибе» тақырыбында шебер-класс алаңы өтті.
Талдықорған жоғары политехникалық, Көксу ауылшаруашылық, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық, Талдықорған агротехникалық колледждерінің үздік педагогтері өз тәжірибелерін ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар, Есік гуманитарлық-экономикалық, Талғар политехникалық колледждерінің арнайы пән және өндірістік оқыту шеберлері «Quizizz.com» бағдарламаларын сабақта қолданудың мүмкіндіктерін», «Тағамды креативті безендіру және ұсыну», «Буаздықты анықтаудың тәсілдері» тақырыптарында шебер-класс өткізді.
Шебер-класта қатысқан 263 инженер-педагог кері байланыс формасын толтырып, іс-шараның тиімділігі туралы ұсыныстарын айтты.