"Үздік сандық ресурс" облыстық байқауының қорытындысы

"Үздік сандық ресурс" облыстық байқауының қорытындысы

Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми - тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының жылдық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 07-25 наурыз аралығында "Үздік цифрлық ресурс"облыстық байқауы өтті.

Конкурстың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың жеке тұлға және шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жетілдіруіне бағдарланған инновациалық қызметтерін ынталандыру; перспективті инновациялық білім беру бастамаларын анықтау және қолдау; жаңа сандық ресурстарды құру болып табылады.

Конкурсқа 65 жоба қатысты, оның ішінде 29 жоба 2 іріктеу кезеңіне өтті, белгілі бір себептер бойынша 2 қатысушы осы кезеңге қатыса алмады. 9 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, 18 қатысушы белсенділік танытқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Байқаудың қорытындысы:

1 орын 

Талдықорған қаласы, №28 ІТ мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы – Казиева Дария;

2 орын

1. Қапшағай қаласы,  Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназиясының 11 сынып оқушысы – Уштаев Асанали Тургангазиевич;

2. Жамбыл ауданы, Қарғалы №3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы – Аяпов Ерлан;

3 орын   

  1. Талдықорған қаласы, Дарынды балаларға арнлаған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейінің 6 сынып оқушысы – Друзин Матвей;
  2. Талдықорған қаласы, №28 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы – Қасымбек Дарина;
  3. Қапшағай қаласы, Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Патаркацишвили Георгий Терентьевич.

Номинациялардың жеңімпаздары:

«Үздік электрондық оқулық» - Қапшағай қаласы, №3 орта мектебінің  9 сынып оқушысы – Искендер Арыслан Досымұлы;

«Үздік анимациялық жұмыс» - Сарқан ауданы, М.Мәметова атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы – Мәлік Іңкәр;

«Үздік жоба» - Талғар ауданы, Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы – Мәдияр Ерасыл;