2021 -2022 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды

2021 -2022 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның жылдық жоспарына сәйкес республика бойынша ағымдағы жылы 24 ақпан күні Шымкент қаласының «Жеңіл атлетикалық спорт кешені» базасында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Ғылыми жобалар конкурсының мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау; Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Алматы облысынан конкурсқа 23 жоба (27 қатысушы) қатысып, 12 жоба (15 оқушы) жүлдері орынға ие болды, 5 оқушы алғыс хатпен марапатталды.

І орынды иеленгендер - Мамырбек Дамир, Іле ауданы, №47 орта мектебінің 11 сынып оқушысы (Жер және ғарыш туралы ғылым секциясы); Абдукадыр Аскербек, Секенов Ғалым – «Арыстан» мамандандырылған лицей 11 сынып оқушылары (математика секциясы); Каниева Аружан, Жамбыл ауданы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы» 10 сынып оқушысы (ағылшын тілі секциясы).

ІІ орынды иеленгендер - Досалиев Мухамедальфайед, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы (информатика секциясы); Маратқызы Ару, Еділ Алуа, Жамбыл ауданы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы» 10 сынып оқушылары (ағылшын тілі секциясы); Ерғали Аружан,  Тоқтарбек Нұрдаулет, Кербұлақ ауданы, Күреңбел қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушылары (орыс әдебиеті секциясы).

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері - Қайратқызы Еркежан, Талдықорған қаласындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі» 10 сынып оқушысы (қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы секциясы); Мейрамбет Нұрай, Қапшағай қаласы, Орта мектеп – гимназиясының 10 сынып оқушысы (химия секциясы); Нураханова Жулдыз – Талдықорған қаласындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі» 10 сынып оқушысы (қазақ тілі секциясы); Серпул Юлия – Текелі қаласы, №6 орта мектебінің 11 сынып оқушысы (орыс тілі секциясы); Жақсылық Қуаныш, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы (адам және қоғам секциясы); Ишпекбаев Ерасыл  – Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей - интернатының 11 сынып оқушысы (математика секциясы).

Грамотамен - Касенгазина Сымбат (Қарасай ауданы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназия» 10 сынып оқушысы), Әділ Үміт, Қайсарқызы Амина (Талдықорған қаласындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі» 10 сынып оқушылары), Раимбек Жалғас, Тусубжан Тимур («Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы)  марапатталды.

Шәкәрім университеті,  М. Әуезов атындағы ОҚУ, Сәрсен Аманжол атындағы Шығыс Қазақстан университеттері Әдбіқадыр Әскербекке, Жақсылық Куанышқа Мамырбек Дамирге, Ишпекбаев Ерасылға оқу гранты сертификаттарын табыстады.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды мен шын жүректен құттықтаймыз!