Бастауыш сынып пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу

Бастауыш сынып пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу

Бастауыш білім алушыларының білім сапасын арттыруда тиімді жолдарымен бөлісу мақсатында «Бастауыш сынып пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында вебинар өтті.

Аталған шарада әль-Фараби атындағы ДБАГ бастауыш сынып мұғалімі К.Нуриева, Алакөл ауданы Үшарал қазақ гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері А.Окапова, Н.Мукышева, К.Тәмпішова мен Талдықорған қаласы №12 ОМГ бастауыш сынып мұғалімі О.Романчук  бастауыш сынып пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу үлгілерін ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған шараға 100 педагог қатысты.