Сабақты зерттеу - кәсіби шеберлікті арттыруда қажетті тәсіл

Сабақты зерттеу - кәсіби шеберлікті арттыруда қажетті тәсіл

Зерттеу жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Сабақты зерттеу - кәсіби шеберлікті арттыруда қажетті тәсіл» тақырыбында вебинар өтті.

Вебинарда Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің география пәні мұғалімі Н.Сәдуақасова «Сабақты зерттеу: дифференциациялық тапсырмалар арқылы оқушылардың талдау дағдыларын дамыту», Панфилов ауданы Ш.Уалиханов  атындағы  орта мектептің үйлестірушісі А.Шатырбаева «Сабақты зерттеудің тиімділігі» тақырыптарында өз тәжірибелерін ұсынды. Білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Тогасова сыныпта бақылау/қадағалау жүргізудің әдістері бойынша таныстырылым жасады.