
Алматы облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 8-9 ақпан күндері аралығында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» облыстық балалар фестивалі өткізілді. Фестивальге барлығы 47 оқушы 3 номинация («Жүрек жылуы» вокалистер байқауы, «Татулықтың тұғыры – бірліктің бесігі» халық биі байқауы, «Ризамын халқыма!» театр қойылымдары байқауы) бойынша қатысты. Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері 1-орын иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды.