Мектеп басшыларына арналған белсенді топ шебер-класс алаңы

Мектеп басшыларына арналған белсенді топ   шебер-класс алаңы

«Табысты басшы» жобасы аясында  Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылы            11 ақпанда   Ұйғыр ауданы, Абай атындағы орта мектебі базасында Ұйғыр, Панфилов, Райымбек, Кеген, Балқаш аудандары  мектеп басшыларына арналған аймақтық белсенді топ  шебер-класс  алаңы өткізілді.

Шебер-класс алаңы жұмысына 5 (бес) мектеп басшысынан құрылған Ұйғыр, Панфилов, Райымбек, Кеген, Балқаш ауданы белсенді топтары өз тәжірибелерін ұсынды.

«НЗМ» «ДББҰ» Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласындағы филиалының директоры Б.Асубаев шебер-класс жүргізген белсенді топтарға кері байланыс берді.

Жұмыс қорытындысы бойынша  қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, облыстық  білім  беруді  дамыту   оқу-әдістемелік   орталығының     І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алғыс хаттарымен  марапаттады.

І орын – Ұйғыр  ауданының белсенді тобы

ІІ орын – Кеген ауданының белсенді тобы

ІІІ орын – Панфилов ауданының белсенді тобы