«ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК – КӘСІПҚОЙЛЫҚ ТАНДЕМІ» ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР

«ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК – КӘСІПҚОЙЛЫҚ ТАНДЕМІ»  ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР

ТжКББ ұйымдары кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту мақсатында   «Әлеуметтік әріптестік – кәсіпқойлық тандемі»  тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Екі күндік вебинарда,  «Жалын» үздік педагогтер, «Жігер» инженер-педагогтер, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» өндірістік оқыту шеберлері, «Педагогикалық қауымдастық» жалпы білім беретін пән оқытушылары, «Серпін» жас мамандар ассоциация мүшелері әлеуметтік әріптестіктің мүмкіндіктерін көрсетіп, тәжірибелерін ортаға салды.  

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледждері дуалды оқытуда әлеуметтік әріптестік нәтижелерімен бөлісті. Вебинарға 200  инженер-педагог қатысты.