Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда әдістемелік қызметтің рөлі

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда әдістемелік қызметтің рөлі

Педагогтермен жүргізілетін жұмыстарды жоспарлау мен  ұйымдастыруда әдіскерлердің практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда әдістемелік қызметтің рөлі» тақырыбында тәжірибелік алаң өтті. Алаң жұмысына аудандық/ қалалық білім беруді дамыту оқу - әдістемелік орталығының қоғамтану (тарих, дінтану, құқық) пәндерінің әдіскерлері қатысып, сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету, педагогке ұсыныстар беруде сабаққа қатысу бойынша тәжірибе алмасты.