
«Білім сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасын іске асыруда 2022 жылдың 03 ақпанында «Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруда әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары» тақырыбында жобаға қатысушы тірек мектептер мен магниттік мектептердің директордың оқу-ісі жөніндегі, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған вебинар өтті.
Вебинарда облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы білім беру менеджменті және инновациялық қызмет бөлімі басшысы Е.Немеребаев білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру алгоритмі, Қарасай ауданы, А.Байтұрсынов атындағы ОМ директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Есбергенова білім сапасындағы алшақтықты қысқартуда әдістемелік жұмыстың алгоритмі, облыстық әль-Фараби атындағы ДБАГ директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Сайын және кафедра жетекшілері білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруда кафедра жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын ұсынды.