
Алматы облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 27-28 қаңтар аралығында «Информатика пәні бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» атты тәжірибе алмасу вебинары өтті.
Мақсаты: білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыруда шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтердің тәжірибесін тарату, әдістемелік көмек көрсету.
Вебинарда Талдықорған қаласы №11 орта мектебінің мұғалімі Ж.Дүсенбинова, Жамбыл ауданы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Карғалы №2 арнаулы гимназиясының мұғалімі А.Смагулова, Ұйғыр ауданы, №1 Шонжы ОМ мұғалімі Н.Ибрагимова информатика пәні бойынша 5-11 сынып білім алушыларының білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруда оқу мақсаттарына негізделген тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдарын ұсынды. Барлығы 100 педагог қатысты.