«Функционалдық сауаттылық- білім беру сапасын арттырудың маңызды шарты» облыстық вебинар

«Функционалдық сауаттылық- білім беру сапасын арттырудың маңызды шарты» облыстық вебинар

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 27 қаңтарында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы  бастауыш сынып білім алушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда  вебинар өтті.

Аталған шарада Қапшағай қаласы №3 ОМ бастауыш сынып мұғалімі

Ж.Ракманбекова, Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ОМ бастауыш сынып мұғалімі М.Ұзақбай, Талдықорған қаласы №16 ОМГ бастауыш сынып мұғалімі Е.Баяндина, Іле ауданы №12 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Г.Жанузакова тақырып аясында өз тәжірибелерін ұсынды. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері К.Сулейменова  бастауыш сыныпта математика, жаратылыстану пәндеріндегі тапсырмаларының ерекшеліктерін көрсетіп, әріптестерімен пікір алмасты.