
Білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында Студенттік парламент білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын орындау, колледждерде дебаттық пікір-сайыс клубтарының, студенттік парламент жұмыстарының жұмысын жандандыру және жүйелеу мақсатында «Дебаттық қозғалыс және Студенттік Парламент жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, топ кураторларына арналған облыстық оқу-әдістемелік вебинары өткізілді.
Онлайн вебинарға білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, мектеп пікір-сайыс ойынының координаторы Валиханов Дамир Қанатханұлы, Республикалық турнир жеңімпазы, республикалық «Үздік төреші» номинантының иегері – Мирас Ермұхаметов және Талдықорған жоғары медициналық колледжі директорының тәрбие жұмысының орынбасары Асқанбаев Дархан Сұңғатұлы бүгінгі күнгі дебаттық пікір-сайыстың маңыздылығы, мақсаты мен қызметі, дебаттық пікірсайыста кейс құру және ойынның кезеңдері туралы іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қосымша ақпараттар берді. Колледждерде студенттік парламент жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, «Жастарды әлеуметтік желіден аластатудың механизмдері» тақырыбында семинар қатысушыларымен тақырыптық диспут ұйымдастырып, кері байланыс орнатты.