«Білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың әдіс-тәсілдері» облыстық іс-тәжірибе алмасу вебинары

«Білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың әдіс-тәсілдері»  облыстық  іс-тәжірибе алмасу вебинары

Білім алушылардың жетістіктерін бағалауда мобильді қосымшаларды қолдану тиімділігін ұсыну, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу  вебинары  өтті.

Вебинарда  Есік кәсіптік-техникалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы А.Абуталипова, Шелек политехникалық колледжінің физика пәнінің оқытушысы С. Садирова, Қапшағай көпсалалы колледжінің физика пәнінің оқытушысы А. Сайрамазанова өз тәжірибелерін ортаға салды.