
Облыстық арнайы мектеп-интернаттар және балалар үйі тәрбиеленушілері арасында «Оқуға құштар» мектеп жобасы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында облыстық «Тұлпар мініп, ту алған» мәнерлеп оқу сайысы онлайн режимінде өтті. Аталған шараға 11 тәрбиеленуші қатысты.
Мақсаты: тәрбиеленушілердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудың тиімді жолдарын іздеу және оқырмандар аудиториясын кеңейту.
Сайыс қорытындысы бойынша төмендегі мекемелердің тәрбиеленушілері жеңімпаз деп танылды:
І орын – «Талғар қаласындағы облыстық санаториялық үлгідегі мектеп-интернат» КММ тәрбиеленушісі Қарағойшиева Айдана;
ІІ орын - «Есік қаласының облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушісі Канажанова Данэля;
ІІ орын - «Есік қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушісі Дәулетжан Ерсінгүл;
ІІ орын - «Сарқан қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушісі Суйдекенова Аяулым;
ІІІ орын - Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйі тәрбиеленушісі Белоносова Снежана;
ІІІ орын - «Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушісі Оралбай Жақсылық;
ІІІ орын - облыстық №1 балалар үйі тәрбиеленушісі Жүніс Бақыт;
ІІІ орын - облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиеленушісі Серік Жанарыс.