Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес Алматы облысының білім басқармасы "Айналайын» балалар үйі" КММ Қамқоршылық кеңес құрамынан 1 мүшесінің шығуына байланысты, кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде Қамқоршылық кеңес құрамына өзгерістер енгізіледі.

Қамқоршылық кеңестің құрамына жұмыс берушілер, әлеуметтік әріптестер, демеушілер, коммерциялық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

Осыған байланысты жоғарыда аталған ұйымның Қамқоршылық кеңестің құрамына енгізу туралы жазбаша ұсыныстарды 2021 жылғы 30 желтоқсанға дейін мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық ресурстар порталына немесе Алматы облысы білім басқармасының электронды поштасына (Almobluo@zhetysu.gov.kz) жіберуді сұраймыз. 

 

Алматы облысының білім басқармасы