
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Егемен елдің ертеңі – жас сарбаз» атты жас патриоттардың бірінші форумы өтті.
«Егемен ел ертеңі - жас сарбаз» І Республикалық жас патриоттар форумы аясында «Айбын-2021» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Алматы облысының «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубы жүлделі ІІ орынға ие болды. Биыл бүкіл ел жастарын біріктіретін ауқымды іс-шара онлайн-форматта өтті.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Айбын» жиыны дарынды балалардың, мақсатқа жетуге ұмтылған жастардың, елдің нағыз патриоттарының басын қосты.