
2021 жылдың 25 қарашасында білім басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік және жекеменшік балабақшалармен «Педагогтарға біліктілік санаттарын беру және растау рәсімінен өту үшін құжаттарды қабылдау» және «Білім беру мекемелерінің мемлекеттік аттестациясы» бойынша «Zооm» байланыс режимінде семинар-кеңес өткізілді.
Аталған шараға Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Г.Ажикенова қатысып, «Білім беру ұйымдарының аттестациясы» тақырыбында және облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Р.Тумаева «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу» туралы баяндама жасады.
Семинар барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, мемлекеттік қызмет көрсету, кадрмен жұмыс, құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г.Елубаева тарапынан білім беру саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат беріліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақытылы, сапалы көрсету қажет екендігі айтылды.
Семинар-кеңестің соңында қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.