ПМПК қорытындысы бойынша оқу бағдарламаларының ерекшеліктері

ПМПК қорытындысы бойынша оқу бағдарламаларының ерекшеліктері

Күзгі каникул мектебінің іс-шаралар шеңберінде «ПМПК қорытындысы бойынша оқу бағдарламаларының ерекшеліктері» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің арнайы педагогтері мен педагог-логопедтеріне  арналған вебинар-кеңес өтті. Вебинарда Талғар ауданы, №1 ОПМПК басшысы Г.Кальпебаева ПМПК қорытындысы бойынша ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды  оқыту мен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу бойынша кеңес  берді.