
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасына Алматы облысынан 6 жас маман қатысып, жүлделі орындарға иеленді.
І орын - Ераділова Айдана, Талдықорған қаласы №28 IT мектеп-лицей қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі;
І орын - Сүлеймен Айдана, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі;
ІІ орын – Зейнегабдылов Олжас, Алакөл ауданы Көктұма ОМ тарих пәні мұғалімі;
ІІІ орын – Байбол Лаула, Ю.Гагарин атындағы балаларға арналған үш тілде оқытатын №8 арнаулы гимназиясының биология пәні мұғалімі;
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасында қол жеткен ерекше жетістіктері үшін грамота - Даулешяр Бақытәлі, Жамбыл ауданы Ә.Бейсеуов атындағы ОМ физика пәні мұғалімі.
Жеңімпаз жас мамандарды шын жүректен құттықтаймыз!