
Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі 2021 жылдың 3 қарашасында А.Сейдімбектің әдеби мұрасын зерделеу, насихаттау мақсатында «Ақселеу Сейдімбек-80 жаста» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.
Вебинарда Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті деканының орынбасары Болатова Гүлжаухар Жамбылқызы автордың қара өлеңін, күй туралы жазған ғылыми зерттеу еңбектерін, Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайының бас қор сақтаушысы Шектыбаева Назгүл Төкенқызы Ы.Алтынсариннің «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» атты кітабын шығаруға мұрындық болғанын, Алматы облыстық «Ұстаз әдістемесі» қоғамдық-педагогикалық газетінің бас редакторы Ерғазы Манапұлы Ақселеу Сейдімбектің журналистика саласына қосқан үлесі туралы ой тарқатты.
Іс-шараға Ақселеу Сейдімбектің қызы Перизат Ақселеуқызы қатысты.