Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі

Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі

Талдықорған қаласындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында вебинар өткізді. Вебинарда математика пәні мұғалімі Е. Джумабеков магниттік мектеп педагогтеріне арналған шебер-сынып, лицей психологі Г.Такишева «Өзіндік бағыт беру әдістемесі» тақырыбында психологиялық жаттығулар жиынтығын көрсетті. Аталған шараға Көксу, Қаратал, Ескелді аудандарының педагогтері қатысты.