«Нәтижеге негізделген білім берудегі интеграция» жобасы

«Нәтижеге негізделген білім берудегі интеграция» жобасы

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Нәтижеге негізделген білім берудегі интеграция» жобасы аясында мектепте тәлімгерлік жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Тәлімгер - оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» облыстық вебинар өткізді.

          Іс-шара барысында Талдықорған қаласы №14 орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Г.Чильдебаева «Наставничество - инструмент формирования педагогических компетенций» тақырыбында таныстырылым жасаса, Талдықорған қаласы №28 ІТ мектеп-лицейдің биология пәні мұғалімі Д.Айдабаева өз тәлім алушысымен бірге «Тәлімгерлікке заманауи көзқарас» менторлық лаборатория жұмысын көрсетті. Қапшағай қаласы №3 орта мектебі математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Б.Бердибаева шебер-сыныпта  тәлімгерлік жұмысты жүзеге асыру жолдарымен бөлісті.