Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру

Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру

Бастауыш сыныпта  оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында ағымдағы жылдың 22 қазанында «Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында вебинар өткізді.  Аталған шарада Талдықорған қаласы №14 ОМГ бастауыш сынып мұғалімі А.Қанаева, Қаратал ауданы Б.Римова атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі В.Сун Шин Ян, Алакөл ауданы Үшарал қазақ гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі А.Окапова, Еңбекшіқазақ ауданы Рахат №1 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Г.Туеханова тақырып аясында өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестермен пікір алмасты. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері К.Сулейменова «Бастауыш сыныпта ауыз әдебиеті үлгілері мен ғылыми танымдық шығармаларды оқыту» тақырыбында теориялық тұжырыммен  қорытындылады.