Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдегі "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы", №355 бұйрығының 2 тарауының 8-тармағына сәйкес, Алматы облысының Білім басқармасы "Алматы облыстық №1 балалар үйі" КММ Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, кенеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына өзгерістер енгізеді.

Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер, коммерциялық емес ұйымдар, қайырымдылық жасаушылар кіре алады.

Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген ұйымның Қамқоршылық кеңестің құрамына енгізу туралы жазбаша ұсыныстарды 2021 25 қазанына дейін мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық ресурстар порталына жіберуді сұраймыз.