«Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2021» облыстық байқауы

«Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2021»  облыстық  байқауы

Алматы облыстық білім басқармасы 2021 жылдың 30  қыркүйегінде        «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2021» байқауын Талдықорған агротехникалық колледжінің базасында өткізді.

Байқау техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ете білетін үздік колледжді анықтау мақсатында ұйымдастырылды.  

Байқаудың қорытындысы бойынша:

І орын - Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі;

ІІ орын- Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі;

ІІІ орын - Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі байқау жеңімпаздары деп танылды.

Сонымен қатар, «Инновация шеберханасы» - Жаркент көпсалалы колледжі, «Жетістік жолында» - Бастөбе сервистік-техникалық колледжі номинациялар бойынша марапатталды.