«Айбын 2021» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны

«Айбын 2021» республикалық әскери-патриоттық  жастар жиыны

2021 жылғы 6 қазан мен 30 қараша аралығында онлайн-режимде «Айбын 2021» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өткізіледі. Алматы облысының намысын Талдықорған қаласының «Жетісу тарландары», Алакөл ауданының «Алакөл арландары» және Қаратал ауданының «Намыс» әскери-патриоттық клубтары қорғайтын болады.

Жиын бағдарламасы бойынша әскери-қолданбалы спорт түрлері мен жауынгерлік даярлық пәндері бойынша жарыстар, әскерилендірілген ойындар, сондай-ақ зияткерлік конкурстар өтеді.

Видеоға сілтеме https://youtu.be/uiu3y8-IHNY