Жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері арасындағы Спартакиада

Жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері арасындағы Спартакиада

2021 жылғы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, ұстаздар күні мерекесіне орай  жалпы орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасында шағын футбол, волейбол, теннис спорт түрлері бойынша облыстық Спартакиада басталды. 15 аудан мен 3 қаладан 18 команда қатысуда. Барлық командаларға табандылық, жоғары спорттық шеберлік көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінуді тілейміз!